Шымкентте студенттер фельдшерлік дағдыларын көрсетті

Шымкентте медициналық колледждер арасында “Үздік фельдшер” байқауы өтті.

Болашақ медицина қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған маңызды іс-шара тек жарыс емес, ол студенттердің тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге, шұғыл және жедел медициналық көмекті сапалы көрсетуге деген қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік берді.

Байқауға қаладағы медициналық колледждің төртінші курс студенттерінен құралған 8 команда қатысты. Қатысушылар фельдшер мамандығына тән әртүрлі шұғыл жағдайлардағы іс-қимылдарын көрсетіп, білімдері мен біліктіліктерін ортаға салды. Олардың әрқайсысы өздерінің кәсіби даярлықтарын, шапшаңдықтарын және шешім қабылдау қабілеттерін дәлелдеуге тырысты. Байқауға қалалық жедел медициналық жәрдем көрсету станцияларының меңгерушілері қазылық етті.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Шымкент қаласында ТЖД қызметкерлеріне жаңа техника мен тұрғын үй кілттері табысталды

Шымкент қаласында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне заманауи өрт сөндіру техникалары, қызметтік киімдер мен жаңа пәтерлердің кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі ...

Шымкент әкімі қаладағы құрылыс және логистика нысандарын аралады

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жұмыс сапары барысында бірнеше инфрақұрылым нысандарын аралады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сапар ...