Шымкентте шалғай елді мекендер сапалы интернетпен қамтылуда

Шымкент қаласында елді мекендер мен шағынаудандарды сапалы интернетпен қамту, мобильді байланыс желісінің сапасын арттыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Биыл жоспарға сай бірқатар елді мекен тұрғындары талшықты оптика желісімен қамтылады.

Бүгінде Тұран ауданының Жаңаталап елді мекенінде 120-дан астам үй талшықты оптика желісіне қосылды. 2000-ға жуық үйге интернет желісіне қосылуға техникалық мүмкіндік жасалынды. Бұл жұмыстарға жауапты жеке инвестор – «СпецАвтоматикаСервис» компаниясы. Ал, Еңбекші ауданының Өтеміс елді мекенінде 150-ден астам үйге техникалық мүмкіндік жасалынып, 60-тан астам үй талшықты оптика желісімен қамтамасыз етілді. Аталған аумақта «Транстелеком» компаниясы тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда.

Жоспар бойынша «СпецАвтоматикаСервис», «Транстелеком», «Beeline», «I-Link net» компаниялары тарапынан, биыл жалпы 18 елді мекенге кең жолақты оптика желісі тартылады. Шалғайдағы елді мекендерді сапалы интернетке қосу үшін жеке инвесторлармен меморандум түзілген. Сондай-ақ, шаһарда байланыс сапасы төмен нүктелерге базалық станция орнату жұмыстары жүзеге асырылуда.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...