Шымкентте садақ атудан жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты басталды

Бүгін садақ атудан жабық кешендегі ҚР чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің өңірлерінен 300-ден астам спортшы қатысуда.

Жарыста Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және Алматы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Жетісу облыстарынан келген жас мергендер бақ сынасуда. Чемпионат – халықаралық ареналарда ел намысын қорғайтын болашақ спортшыларды анықтайтын маңызды бәсеке.

Спортшылар мергендік қабілеттерін көрсетіп, жүлделі орындар үшін тартысты бәсеке өткізеді. Мақсат – садақ ату спортының дамуына серпін беру, жас спортшылардың тәжірибесін арттыру және ұлттық құрама сапына лайықты спортшыларды іріктеу. Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері 24 ақпанда марапатталады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Шымкент гүлге оранған шаһарға айналып келеді

Былтыр Шымкент қаласының аумағын көркейту мақсатында 108 орынға, яғни магистральді көшелердің қиылысына, айналма жолдар, жол жиектеріне 220 741 дана көпжылдық ...

Ономастика и язык: взаимодействие и функции наименования

В городе Шымкент совместными усилиями Управления культуры, развития языков и архивов и районных акиматов проведена инвентаризация улиц, в результате чего ...