Шымкентте мектепке дейінгі білім беру орындары көбейеді

Биыл қаламызда балабақша кезегінде тұрған 13 886 баланы қамту үшін 3 205 орын, 34 жаңа балабақша ашу жоспарланған. Бүгінге дейін 2024 жылдың желтоқсан айында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қосымша 1000 орынға берілген.

Сонымен қатар, инклюзивті білім беруді қолдау аясында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Қаладағы 5 балабақшада аутизм спектрі бұзылған балаларға арнайы мамандар қызмет көрсетіп, заманауи талапқа сай жабдықталған инклюзивті кабинеттер іске қосылған. Бұл бағыттағы жұмыстар ерекше білім беруді қажет ететін балалардың толыққанды дамып, қоғамға бейімделуіне зор мүмкіндік береді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Шымкент қаласында ТЖД қызметкерлеріне жаңа техника мен тұрғын үй кілттері табысталды

Шымкент қаласында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне заманауи өрт сөндіру техникалары, қызметтік киімдер мен жаңа пәтерлердің кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі ...

Шымкент әкімі қаладағы құрылыс және логистика нысандарын аралады

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жұмыс сапары барысында бірнеше инфрақұрылым нысандарын аралады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сапар ...