Шымкентте «Жомарт жан» орталығы игі іске ұйытқы болды

Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жомарт жан»орталығы ерекше қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсететін «ЖИТС-тен (жұқтырылған иммун тапшылығы синдромынан)балаларды қорғау» қайырымдылық қорының ғимаратын жөндеуге атсалысты.

Жаңа мекенжайға қоныс аударған қор ғимараты күрделі жөндеуді қажет ететіндіктен, қалалық ҚХА жанындағы орталық аталған жайтқа бейжай қарамай, алғашқы көмек ретінде ғимараттың 10 терезесін орнатуға нақты көмек көрсетті.

Қалалық «Жомарт жан» орталығының төрағасы Юрий Панның айтуынша, құны 730 мың теңгеден асатын көмек бұл биылғы жылы орталық ұйытқы болған игі істердің бастамасы ғана. Алдағы уақытта шымкенттік этнос кәсіпкерлерінің басын бір арнаға тоғыстырған орталық жыл ішінде 30-дан астам қайырлы іске қолдау көрсетуге ниетті.

Айта кетейік, «ЖИТС-тен балаларды қорғау» қайырымдық қоры 2006 жылы дәрігерлердің салғырттығынан медициналық мекемелерде ВИЧ дертіне шалдыққан 250-ге жуық балаға қолдау көрсету мақсатында құрылған. Бүгінде қор ЖИТС-пен ауыратын балаларға моральдық, құқықтық және әлеуметтік көмек берумен қатар, ДЦП және аутизм диагнозы бар балаларды қолдаубағытында жұмыс істеп келеді.

#ҚХА30жыл #30летАНК

x

Check Also

2025 жылғы 5 сәуірден бастап мопедтер механикалық көлік құралдарына ресми түрде теңестіріледі

Құрметті Шымкент қаласының мотокөлік жүргізушілері ағымдағы жылдың 5 сәуірінен бастап заңнамаға өзгерістер еңгізіледі,оған сәйкес мопедтер механикалық көлік құралдарына теңестіріледі.Бұл көліктің ...

Тұрғын үй сертификаттары және «Қамқор» өңірлік бағдарламасы

2025 жылдың 16 қаңтарынан бастап тұрғын үй сертификаттарына өтінім қабылдау басталғаны хабарланды. 500 млн. теңге көлемінде қайтарымсыз негізде тұрғын үй ...