Шымкент тұрғындарына ерікті қоныс аудару бағдарламасы түсіндірілді

Шымкент қаласында азаматтарды белгіленген өңірлерге қоныстандыру бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда. 2025 жылы бұл бағдарлама аясында 1 000 адамды көшіру жоспарланып отыр. Бастама өңіраралық еңбек ұтқырлығын арттыру және ішкі көші-қонды ынталандыру мақсатында жүзеге асуда.

Осыған орай, Тұран ауданының Құрсай ауылында жергілікті тұрғындармен кездесу өтті. Жиынға Өңіраралық жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Р. Даурбаева мен бөлім маманы Г. Байымбетова қатысып, мемлекеттік бағдарламаның шарттары мен қатысу тетіктерін жан-жақты түсіндірді. Тұрғындарға бағдарламаның артықшылықтары туралы ақпараттар айтылды.

Кездесуге 30-ға жуық ауыл тұрғыны қатысып, қоныс аударушылар мен қандастарға арналған мемлекеттік қолдау шаралары, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері және еңбек нарығындағы өзгерістер жөнінде мағлұмат алды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...