Шымкент спортшылары Азия кубогында жеңіс тұғырынан көрінді

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден Азия Кубогында ел спортшылары үздік нәтижелерге қол жеткізді.

Қазіргі таңда спортшыларымыз 17 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты. Ел қоржынында 7 алтын, 6 күміс және 4 қола жүлде бар.

Ұлттық құрама сапында Шымкент қаласының спортшылары 6 алтын, 4 күміс және 2 қола жүлдеге ие болды. Атап айтқанда, Юрий Юрков (50 м, винтовкамен жатып ату), Елизавета Безрукова (10 м, пневматикалық винтовка микст), Никита Шахторин (10 м, пневматикалық винтовка), Рамазан Ынтықбай (10 м, тапанша) және жасөспірімдер арасында Олег Носков (10 м, пневматикалық винтовка) жеңімпаз атанды.

Ирина Юнусметова, Малика Сейіл, Сәуле Әлімбек, Кристина Устинова (жасөспірімдер құрамасы), Олег Носков (жасөспірімдер) сынды жерлестеріміз екінші орыннан көрінді.

Биылғы Азия Кубогында 23 елден 320-дан астам спортшы бақ сынап жатыр. Турнир 22 ақпанда аяқталады. Еліміздің спортшылары жарысты сәтті жалғастырып, жеңісті еселеуді көздеп отыр.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

2025 жылғы 5 сәуірден бастап мопедтер механикалық көлік құралдарына ресми түрде теңестіріледі

Құрметті Шымкент қаласының мотокөлік жүргізушілері ағымдағы жылдың 5 сәуірінен бастап заңнамаға өзгерістер еңгізіледі,оған сәйкес мопедтер механикалық көлік құралдарына теңестіріледі.Бұл көліктің ...

Тұрғын үй сертификаттары және «Қамқор» өңірлік бағдарламасы

2025 жылдың 16 қаңтарынан бастап тұрғын үй сертификаттарына өтінім қабылдау басталғаны хабарланды. 500 млн. теңге көлемінде қайтарымсыз негізде тұрғын үй ...