Сауранда «Ақ бата» атты танымдық кеш өткізілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Сауранда «Ақ бата» атты танымдық кеш өткізілді

Сауран аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай, «Ақ бата» атты тағылымдық-танымдық кеш өтті.

Кешке зиялы қауым өкілдері мен өнер адамдары қатысты. Шараға арнайы келген қонақтар қатарында Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Б.Сүлейменов, аудан әкімінің кеңесшісі М.Ергешбайұлы, аудандық мәслихат депутаты А.Раматуллаев, “Turkistan Media Holding” директорының орынбасары, журналист Т.Бейсен, профессор, журналист, композитор Б.Сердәлі,республикалық «Ақ бата» байқауының жеңімпазы Әлжан қажы, композитор Ш.Әлібеков және Сауран ауданының бас имамы Е.Полатов болды.

Кеш барысында батаның маңызы, оның түрлері, өміршеңдігі мен бүгінгі қоғамдағы рөлі кеңінен талқыланды. Қонақтар батаның тек тілек емес, ұлттың рухани байлығы екенін атап өтіп, жол батасы, сапар батасы, наурыз батасы сияқты дәстүрлі баталардың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, «Аян бата» ұғымы, ақ бата мен теріс батаның айырмашылығы жайлы терең әңгіме өрбіді.

«Ақ бата» кеші көрермендерге рухани азық сыйлап, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үлкен септігін тигізді. Бұл шара ата-бабамыздан қалған асыл мұра — батаның мән-мағынасын, қадір-қасиетін тағы бір мәрте айқындап берді.

Сауран ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің “Мәдениет үйі” КММ

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...