Сауран ауданында этнос өкілдерімен маңызды кездесу өтті

Алғыс айту күніне орай Сауран ауданының әкімі этнос өкілдерімен кездесуі өткізді. Бұл шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орайластырылып, өңірдегі қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға бағытталған маңызды басқосу болды.

Кездесуді Қоғамдық келісім мекемесінің басшысы Арсылан Раматуллаев жүргізіп, қатысушыларды Алғыс айту күнімен құттықтады. Шараға аудандық өзбек этномәдени бірлестігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар және Аналар кеңесі, сондай-ақ аудандық Қоғамдық келісім мекемесінің қызметкерлері қатысты.

Жиында алғашқы сөз Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровқа беріліп, ол өз сөзінде өңірдегі этносаралық татулық пен достықтың маңызын атап өтті. Аудандық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Құрманбай Рысбеков, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Оразбек Әмреев, Аналар кеңесінің төрайымы Нышанкүл Жұманова және Ассамблея жастарының жетекшісі Тажимурат Саидов өз ойларымен бөлісіп, қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің маңызын айрықша атап өтті.

Кездесу сұрақ-жауап және ұсыныстар бөлімінде жалғасып, қатысушылар аудан басшысына өз ой-пікірлерін жеткізіп, ұсыныстарын айтты. Жиын соңында өзбек этномәдени бірлестігінің мүшелері аудан әкіміне айрықша ықыластарын білдіріп, ризашылықтарын жеткізді. Бұл шара түрлі этнос өкілдерінің басын қосып, олардың өзара ынтымағы мен бірлігін одан әрі нығайтатын маңызды алаңға айналды.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...

Туркестан: Пляжи в Шардаре приведены в порядок, туристам предоставляются качественные услуги

С начала купального сезона на пляжных территориях Туркестанской области усилили меры безопасности и чистоты. На пляжах в Шардаре устранили раннее ...