Қысқы Азия ойындарының жеңімпазы Абзал Әжіғалиев Түркістандағы жас қысқы спорт шеберлерімен кездесті

Түркістан қаласында орналасқан «Мұз сарайына» Қытайдың Харбин қаласында өткен қысқы Азия ойындарының жеңімпазы және күміс жүлдегері Абзал Әжіғалиев келіп, Түркістан облысының қысқы спорт түрлерімен айналысатын жас спортшыларымен кездесіп, шеберлік сабағын өтті.

Аталған шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, рухани шаһарға арнайы келіп, жас спортшылармен кездесіп жатқан Абзал Абайұлына алғыс білдірді.

Қысқы Азия ойындарының жеңімпазы және күміс жүлдегерінің келуі аймақтың жас спортшылары үшін үлкен маңызға ие болды. Себебі, жас өрендер чемпионмен сұхбаттасып, жігерленеді. Абзал өңірде қысқы спорттың дамуына үлес қосып, жас спортшылармен шеберлік сабағын өткізді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Биыл елімізде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы кеңінен аталып өтілуде. Мереке қарсаңында облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов соғыс жылдары тылда еңбек еткен ...

Түркістаннан шыққан Ұлы Отан соғысының батырлары: Анарбай Мырзахметов

Қазығұрт ауданы, Қарабау ауылдық округіне қарасты Сынтас ауылында Ұлы Отан соғысында ерліктің үлгісін көрсеткен абыз ақсақал тұрады. Ол 1926 жылы ...