ҚҚС өсімі кімдерге әсер етпейді? Вице-премьер жауабы — Xnews — ақпарат агенттігі

ҚҚС өсімі кімдерге әсер етпейді? Вице-премьер жауабы

Вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосылған құн салығының (ҚҚС) өсуіне қатысты реформаның кімдерге әсер етпейтінін түсіндірді.

Министрдің айтуынша, бұл бастама қоғамда кеңінен талқыланып жатыр.

«Соңғы уақытта бұл мәселеге қатысты түрлі мәлімдемелер айтылды. Мысалы, кеше, қателеспесем, Қостанайда немесе Шығыс Қазақстанда үй жанындағы дүкен иелері мәлімдеме жасады. Олар өңірлік кәсіпкерлер палатасымен кездесіп, ҚҚС-тың өсуі олардың соңғы нанын тартып алатын жағдайға жеткізеді деп алаңдаушылық білдірді», – деді ол.

Алайда, Жұманғариннің айтуынша, бұл өзгеріс бөлшек саудамен айналысатын кәсіпкерлерге әсер етпейді.

«Біз әрдайым айтып келеміз: халықпен жұмыс істейтіндердің барлығына – үй жанындағы дүкендер, дүңгіршек, шатыр, мейрамхана, шаштараздар – бұл реформаның мүлдем қатысы жоқ. Олар бұрынғыдай жылдық жиынтық табысы 2,4 миллиард теңгеге дейінгі шекте бөлшек сауда режимінде жұмыс істеп, 4 пайыздық салық төлей береді. Олар үшін ештеңе өзгермейді. (…) Бұл реформа бизнестің өте тар қабатына қатысты. Отбасын асырап, халықпен жұмыс істейтін, базарларда сауда жасайтын адамдар, бұл реформа оларға ешқандай әсер етпейді — бөлшек салық сақталады», — деп атап өтті шенеунік.

x

Check Also

Социальная поддержка, экология и предпринимательство: главные темы агитационной кампании

В рамках предвыборной кампании политические партии продолжают проводить мероприятия в различных регионах страны. Встречи проходят с участием трудовых коллективов, представителей ...

Әлеуметтік қолдау, экология және кәсіпкерлік: сайлауалды үгіт-насихаттың басты тақырыптары

Сайлауалды науқан аясында саяси партиялар еліміздің әр өңірінде түрлі іс-шара өткізіп жатыр. Кездесулерге еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер, сарапшылар ...