Оңтайлы шешім қабылдауға мүмкіндік береді — Xnews — ақпарат агенттігі

Оңтайлы шешім қабылдауға мүмкіндік береді

Бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесуде Мемлекет басшысы ҚҚС бойынша мөлшерлеме саралануы тиістігін, салық-бюджет реформасын жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Бұл шешім елдегі салық жүйесін әділ әрі икемді етуге бағытталған маңызды қадам. ҚҚС мөлшерлемесін саралау халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтары үшін қажетті тауарлар мен қызметтердің қолжетімділігін сақтауға мүмкіндік береді.

Азық-түлік, дәрі-дәрмек, білім беру және денсаулық сақтау қызметтеріне төмендетілген ҚҚС қолдану – әлеуметтік әділеттілік принципіне сай келетін шешім. Бұл бір жағынан, тұтынушылар үшін бағаның өсуін тежеуге көмектессе, екінші жағынан, бизнесті салықтық жүктемені әділ бөлу арқылы дамытуға ықпал етеді.

Алайда, бұл жүйенің тиімділігі оның қалай жүзеге асатынына байланысты. Сараланған ҚҚС бизнес үшін түсінікті және оңай қолданылатын болуы керек. Сонымен қатар, оның әкімшілендіру процесі күрделеніп кетпеуі тиіс. Мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық арасында тұрақты диалог орнап, жаңа салық жүйесі кезең-кезеңімен енгізілсе, бұл реформа ел экономикасына оң әсер етеді.

 

Яндекс.Погода
x

Check Also

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...

Түркістанда толық циклді мақта-тоқыма кластері дамуда

Түркістан облысында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жүйелі түрде жалғасып келеді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» жобасын ...