Кентауда өткен тазалық шарасында 20 тонна қоқыс шығарылды

Кентау қаласында ұйымдастырылған тазалық шарасына барлық мекеме қызметкерлері, тұрғындар мен жастар белсене атсалысты.Шара барысында 300-ге жуық адам көше бойларын, арық-атыздарды қоқыстардан тазартты. Жиналған қоқыс пен кесілген ағаштарды тасымалдауға 6 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 20 тонна қоқыс жиналып, полигонға шығарылды.

-Қала тазалығын сақтау-әрбір тұрғын үй іргелік жерлерін күл-қоқыстардан тазартудан басталады. Шара тек бір күндік тазалықпен шектелу емес, қоғамды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға, туған жерімізді таза әрі көрікті ұстауға шақырады,- деді қала тұрғыны Жанна Қазыбекова.

Жалпы қала әкімі Жандос Тасов тазалық жұмыстарын ұдайы жүзеге асыруды тапсырған болатын. Бекітілген тапсырма барысында көпқабатты үйлердің аулаларын күтіп-ұстау шаралары тұрғындарға түсіндірілуде. Одан бөлек, қала тазалығын сақтауда белсенділікті арттыру қажеттілігі ескерілуде.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...