Бірлескен меморандум түзді — Xnews — ақпарат агенттігі

Бірлескен меморандум түзді

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Айгерім Жұмағұлова және «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мұрат Жолдыходжаев өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Мұндағы мақсат – қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, этнос өкілдері арасында үйлесімді қарым-қатынастарды нығайту.

Меморандум туралы басқарма басшысы Айгерім Жұмағұлова: «Бұл ортақ құжат қаламыздағы этносаралық тұрақтылықты бекемдеуге, өзара түсіністікті дәріптеуге, этностар арасында достық пен сыйластықты нығайтуға бағытталған. Сондай-ақ алдағы уақытта бірлесе қолға іс-шаралар мен жобалар арқылы қоғамдық келісім мен жастар арасында қазақстандық патриотизмді насихаттауды көздейді, – дейді.

Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы аясында түзілген меморандум ел бірлігін бекемдеуге, іс-шараларды қолдауға және бейбітшілік пен келісімді сақтау бағытында қолға алынатын жаңа жобаларды бірлесе іске асыруға септесері анық.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

Шымкент қаласында еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ өткізді. ...