Арыста 50 мың басқа арналған мал бордақылау алаңы салынып жатыр

Арыс қаласына қарасты Қожатоғай ауылдық округінде 50 мың басқа арналған ірі қара мал бордақылау алаңы салынуда. Аталған жоба инвесторлар есебінен жүргізіліп жатыр. «Turkestan Agro.kz» ЖШС базасында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстармен танысу үшін баспасөз-туры өткізілді. Шара аясында журналистер ерекше жобаның құрылыс жұмыстарымен танысты.

«Turkestan Agro.kz» ЖШС базасында екі ірі кешен жұмысын жүргізбек. Онда жаңбырлатып суару әдісі арқылы мал азығы дақылдарын дайындау және ет бағытындағы мүйізді ірі қара өсірумен айналысатын шаруашылық-репродуктор құрылысы іске қосылмақ. Кешендегі құрылыс, мал бордақылау және малды жаю жұмыстары австралиялық тәсілмен іске аспақ. Бүгінгі таңда серіктестік аумағында жұмыстар қызу жүріп жатыр. Жобаны іске асырудың бірінші кезеңінде бордақылау алаңына 600-ге жуық ірі қара мал әкелінген. Жыл соңына дейін 15 мың бас әкелу жоспарланған. Ал 2026-2027 жылдары 35 мың бас сатып алынбақ. Сондай-ақ, серіктестік бордақылау алаңы маңынан 4 710 гектар алқапта жаңбырлатып суару технологияларын қолдана отырып, малға арналған жем-шөп дақылдарын өсіруді жолға қоюда. Биыл жаңбырлатып суару арқылы 500 гектар аумаққа мал азығы өсірілмек. Бордақылау алаңында барлық жұмыс автоматты жүйеде жүзеге асырылады. Жобаның жалпы құны — 16,2 млрд теңге. Кешен толық іске қосылғанда 100-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

Одан соң, журналистер қаладағы «King Milk» атты түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіретін зауыт жұмысымен танысты. 2022 жылдың ақпанында жұмысын бастаған зауыт жылына 70 тоннадан астам түйе сүтінің құрғақ қоспасын өндіруге қауқарлы. Жалпы құны 200 млн теңгені құрайтын зауытта қазіргі таңда 15 адам жұмыспен қамтылған. Онда өндіріс циклі толық цифрлы технологиямен басқарылады. Сүт өңделетін өндірістік цехқа арнайы киімдегі технологтардан басқа бөгде адам кіргізілмейді. Дайын өнімнің сапасы әлемдік стандартқа сай болу үшін талап қатал. Әзірленген дайын өнімдер республика нарығынан бөлек, алыс-жақын шет елдерге экспортталуда.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...