Алыбы елдің – Ер Бекзат

Бүгін Түркістан қаласы Фараб кітапханасында даңқты боксшы, Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың 45 жылдығына арналған танымдық-тағылымдық апталық іс-шараның ашылуы өтті.

Шараға Түркістан қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, облыстық мәслихат депутаттары Қалыйма Жантөреқызы мен Бекарыс Шойбеков, сондай-ақ батырдың анасы Сырлыкүл Шойбекова қатысты.

Іс-шара барысында Бекзатты ұлықтайтын әндер шырқалып, өмір жолына қатысты көрме ұйымдастырылды, сондай-ақ чемпионның тағдыры мен ерлігіне арналған арнайы қойылым қойылды. Бекзат Саттарханов – қазақ спортының алтын есімі. Оның жеңісі, рухы, өшпес ерлігі – өскелең ұрпаққа мәңгі өнеге!

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...