Абайлаңыз! Алаяқтар!

Құрметті қала тұрғындары!

Соңғы уақытта халық арасында, интернет кеңістігінде жергілікті атқарушы органдардың атынан пәтер алып беруге көмектесемін деп заңсыздыққа баратын алаяқтар көбеюде. Егер осындай күмәнді жағдайға тап болсаңыздар, шұғыл құқық қорғау органдарына хабарласыңыздар.

Тұрғын үй басқармасы қызметкерлері ресми хабарламаларды Шымкент қаласы әкімдігінің және Тұрғын үй басқармасының ресми сайттары, әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы таратады.

Қауіпсіздік үшін:
Жеке деректеріңізді бөгде адамдармен бөліспеңіз
Ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеріңіз
Күмәнді хабарламаларға сенбеңіз

Сіздерден жалған ақпаратқа сенбеуді, бейтаныс нөмірлерге ақша аудармауды сұраймыз. Өз өзіңізге сақ болыңыз!

x

Check Also

Шымкентте 2 мыңға жуық жұмыс орны ұсынылған еңбек жәрмеңкесі өтті

Шымкентте еңбек нарығындағы белсенділік артып келеді. Бүгін қаладағы Көрме орталығында «Еңбек – өмірдің тұтқасы» атты кең ауқымды бос жұмыс орындары ...

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...