Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров ардагерлермен жүздесіп, ұсыныстарын тыңдады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңір ардагерлерімен жүздесіп, маңызды мәселелер бойынша ашық сұхбаттасты. Аймақты дамыту бағытында зиялы қауым өкілдерінің ұсыныс-пікірлері мен кеңестерін тыңдады.

Кездесуді Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов ашып, жүргізіп отырды.

Ашық диалог алаңында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, «Түркістан облысының Ақсақалдар алқасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенұлы, қоғам қайраткері, белгілі кәсіпкер Серікжан Сейітжанов, қоғам қайраткері Бекет Тұрғараев, Түркістан облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов, әдебиет зерттеушісі, профессор Құлбек Ергөбек, республикалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Икрам Хашимжанов сөз алып, ел тұтастығын сақтау, өңір әлеуетін арттыру жайында ой қозғады. Өңірдің өзекті мәселелерін, ұрпақ тәрбиесі жөнінде келелі пікірлер айтты.

Ел ағаларының ұсыныстарын тыңдаған аймақ басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап, бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.

– Халқымызда «Батаменен ел көгерер» деген сөз бар. Мемлекет басшысы жауапты қызметке тағайындаған соң бірінші кезекте ел ағаларының ой-пікірлерін білуді жөн санадым. Туып-өскен Түркістан өңіріне қызмет ету – мен үшін үлкен жауапкершілік пен перзенттік парыз. Осы уақытқа дейін жинаған тәжірибемді, білімімді пайдаланып, Түркістан облысын дамытуға күш саламын. Облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге сіздермен бірлесіп жұмыс істейміз деп сенемін. Президентіміз бен Үкіметтің тапсырмаларын жоғары деңгейде орындауымыз қажет. Ел бірлігін сақтау, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде сіздердің еңбектеріңіз мол. Біз Түркістанды дамытуда сіздердің тәжірибелеріңізге арқа сүйеп, қызмет етеміз. Жаңа бастамалар жемісін беріп, Түркістан облысы барлық жағынан дамыған аймаққа айнала берсін! – деді Нұралхан Көшеров.

Жиын соңында Еңбек ардагері Сексенбай Тұрысбекұлы бата беріп, ел тізгінін қолға алған басшыға сәттілік тіледі.

Келелі ойлар мен ұсыныстар айтылған жиын салтанатты шараға жалғасты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...