Түркістан облысында 270 мыңнан астам адамға тұмау мен ЖРВИ-ге қарсы екпе салынды

Түркістан облысында 2024 жылы тұмау мен ЖРВИ-ға қарсы 271 348 дана «Гриппол+» екпесін тұрғындарға егу жұмыстары жүргізілді. Жалпы өңір тұрғындарының 12,9%-на екпе егілген. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен өткен брифингте облыстық санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бахтыораз Елемесов мәлімдеді.

«Түркістан облысы бойынша 2024-2025 жылдардағы эпидемиялық маусымда 9 қаңтарға дейін ЖРВИ-дің 125 804 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 69 142 жағдай, 1 жасқа дейінгі балаларда — 9985, жүкті әйелдерде — 7143 ЖРВИ аурушаңдығы анықталды. Жалпы инфекциялық ауруларға, әсіресе ЖРВИ мен тұмауға қатысты эпидемиологиялық ахуал тұрақсыздығымен сипатталатыны жасырын емес. Аурушаңдық кез-келген уақытта тез көтеріліп, асқыну жағдайы орын алуы ықтимал. Бұған еліміздің алыс-жақын шетелдермен, оңтүстік-шығыс Азия елдерімен саяси-экономикалық, туристік қарым-қатынастың белсенді дамуы өз ықпалын тигізетіні айқын», — дейді спикер.

Сондай-ақ, брифингке қатысқан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Бауыржан Сатыбалды қазіргі таңда аймақтағы эпид ахуал туралы баяндады.

«Қазіргі таңда облыс бойынша 685 инфекциялық төсек-орын бар, оның ішінде ересектерге арналған — 240, балаларға арналған — 445. Бүгінгі күні инфекциялық төсек-орында жатқан науқас саны – 486, оның ішінде ересектер саны – 199 болса, жүті әйелдер – 66, сондай-ақ 221 бала тіркелген», — деді Бауыржан Нұрланұлы.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

ҚР ІІМ орынбасары С.Сәрсенов Түркістан облысы полицейлерінің атқарған жұмысын бақылап, облыс әкімімен кездесті

Ішкі істер министрлігінен Түркістанға арнайы келген Сәкен Сәрсенов департаменттің мәжіліс залында жеке құраммен жедел кеңес өткізді. Жиында 2024 жылдың қорытындысы ...

Түркістан облысында үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жандандыру жолдары қаралды

Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар қауымдастық нысанындағы бірлестіктің президенті Инара Намазбаевамен кездесті. Кездесуде үкіметтік ...