Түркістан: Есірткі қылмысына қатысты заңға бірқатар өзгерістер енгізілді

Елімізде есірткі бизнесін ұйымдастырушылар және есірткі таратушылар, оның ішінде есірткі жасырушылар үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленген. Бүгінгі таңға дейін бұл дерек үшін Қылмыстық Кодекстің 297-бабы бойынша бірыңғай жаза қолданылған болса, енді есірткі жасырушылар жоғарыда аталған баптың төмендетілген санкциялармен жауапқа тартылатын болады. Бұл жайында Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Жасұлан Нұрлыбай БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.

«Есірткі көлемінің аз мөлшерімен ұсталғандар бұрын 5 жылдан 10 жылға дейін жауапкершілікке тартылған болса, ендігіде жаза мерзімі 5 жылдан 8 жылға дейін қысқартылды. Сонымен қатар, есірткінің әртүрлі көлеміне сәйкес жаза мерзіміне бірқатар өзгерістер енгізілген. Сондай-ақ, бас бостандығынан айыру орындарында отырған көптеген есірткі жасырушылар бұл заңды бірінші рет бұзған жастар. Сондықтан мемлекет түзелу жолына тұрған жастарға ертерек еркіндікке шығып, жаңа өмір бастауға мүмкіндік береді. Бұл да түрмеде отырған халық санының үлесін азайту бойынша маңызды қадам»- деді спикер.

Сонымен қатар, жаңа заң негізінде есірткі бизнесін ұйымдастырушылар мен есірткі өндірушілерге, сондай-ақ лауазымды тұлғалар үшін жаза қатаңдайды. Оларға 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр. Аталған заң жобалары 2025 жылдың 3-наурызынан бастап күшіне енбек. Болжам бойынша есірткі қылмыстарын жасаған 1 мыңнан астам азамат өзгерген заңның мүмкіндігін пайдалана алады деп күтілуде. Айта кетейік, қазір колонияларда есірткі қылмыстары үшін шамамен 4 мың сотталушы отыр. Оның 225-і әйелдер және 9-ы кәмелетке толмағандар болса, қалғаны ересек ер азаматтар.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...