Шымкентте спорт мектебінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте спорт мектебінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді

Шымкентте №15 Жекпе-жек түрлерінен кешенді олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ашылды. Жаңа нысанның ашылуына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.

Мегаполис басшысы жаңа ғимаратты аралап, спорт мектебінің қызметкерлерімен кездесті. Сонымен қатар осындай маңызды жобаларды жүзеге асыру жастар арасында спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Айта кету керек, спорт мектебі республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізген майталман спортшыларды тәрбиеледі. Олардың арасында Елена Шалыгина мен Софья Берульцева бар.

2400 шаршы метрден асатын жаңа төрт қабатты спорт кешеніне грек-рим және еркін күрес, дзюдо, кикбоксинг, каратэ, самбо және фитнес сабақтарына арналған алты мамандандырылған зал кіреді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...