Шымкентте жаңа оқушылар сарайы ашылды

Бүгін Тұран шағын ауданындағы Оқушылар сарайы қолданысқа берілді. Жалпы ауданы 9 881,9 шаршы метр құрайтын үш қабатты ғимарат 1 аусымда 500 орынға лайықталған.

Заманауи талапқа сай бой көтерген жаңа нысанды аралап көрген қала әкімі өскелең ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуына қолайлы жағдай жасау басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ жауаптыларға жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды тапсырды.

Айта кету керек, жаңа қосымша білім беру мекемесінде 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың қосымша білім алуына барлық жағдайлар жасалған.

Оқушылар үшін бассейн, интерактивті кітапхана, керамика үйірмесі, 3D-модельдеу және Lego кабинеттері қарастырылған. Биотехнологиялық және гуманитарлық блоктарда балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ететін фотостудия, бейне студия және журналистика үйірмелері орналасқан.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Шымкент қаласында ТЖД қызметкерлеріне жаңа техника мен тұрғын үй кілттері табысталды

Шымкент қаласында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне заманауи өрт сөндіру техникалары, қызметтік киімдер мен жаңа пәтерлердің кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі ...

Шымкент әкімі қаладағы құрылыс және логистика нысандарын аралады

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жұмыс сапары барысында бірнеше инфрақұрылым нысандарын аралады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сапар ...