«Мархабат» журналы мен «Markhabat.kz» ақпараттық порталы оқырманға жол тартты

Шымкент қаласындағы Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында танымал жазушы Мархабат Байғұттың туғанына 80 жыл толу құрметіне «Мархабат» журналы мен «Markhabat.kz» ақпараттық порталының таныстырылымы өтті.

Әдеби басқосу халықаралық «Алаш», «Түркі әлеміне қызметі үшін» сыйлықтарының, «Парасат», «Барыс» ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мархабат Байғұттың шығармашылығын дәріптейтін көрмені тамашалаудан басталды.

Келелі жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Шымкент қаласы әкімнің орынбасары Сәрсен Құранбек, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, әйгілі ақын Нармахан Бегалыұлы, Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің ректоры міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, қаламгердің асыл жары Қыздаркүл Пернебайқызы, перзенті Ақлима, інісі Нышан Байғұт, сондай-ақ оқырман қауым қатысты.

Басқосуды «Медиакратия» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, белгілі журналист, облыстық мәслихат депутаты Ғалымжан Елшібай жүргізіп отырды. Ал журналдың бас редакторы Оралхан Дәуіт журнал мен ақпараттық порталды таныстырды.

Мархабат Байғұттың жанашырлығын көріп, ақыл-кеңес, бағыт-бағдар алған шәкірттері, жас қаламгерлер атынан ақындар Мұқағали Кенжетайұлы мен Сезім Мергенбай өлеңдерін оқып, әдемі әсерге бөледі. Классиктің өзі орындаған әні мен сұқбаттарын бейнетаспадан тамашалаған көпшіліктің көңілі толқыды. Жамбыл облысынан келген бір топ қаламгер Мархабат Байғұтпен ерекше байланыста болған Шерхан Мұртазаның көптомдық жинақтарымен бірге облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің құттықтауын қоса тапсырды.

«Мархабат» журналы екі мың дана таралыммен шығады. Жазылу индексі – 76104.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...