Еліміздің курортты аймақтарында 3 әуежай салынады

Қазақстанда танымал демалыс орындары үшін жаңа әуежайлар салынады.

Бұл туралы Президенттің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында министрлер кабинетінің басшысы баяндады. Бектеновтің мәлімдеуінше, авиациялық инфрақұрылымы бар ұшу-қону жолақтары Зайсан, Қатонқарағай және Кендірлі аймақтарында салынады. Осылайша, үш курорттық аймақтың туристік әлеуетін толық ашу жоспарлануда.

Бұдан басқа, көлік-логистикалық әлеуетті ашу мақсатында Ақтауда әуе хабын құру жобасы пысықталуда, «Мойынты – Қызылжар» теміржол желісі, сондай-ақ «Алтынкөл – Жетіген» учаскесінің екінші жолдары құрылысы басталады. Биыл «Достық – Мойынты» теміржолы мен Алматы қаласының айналма жолы құрылысы аяқталады деп күтілуде.

x

Check Also

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі Құрметті кеңеске қатысушылар! Бүгін біз Үкіметтің кеңейтілген отырысында өте өзекті мәселелерге ...

Мемлекеттік аппарат шығыстары 410 млрд теңгеге қысқартылды

Қазақстан Үкіметі мемлекттік шығыстар тиімділігін арттырып, бюджет тәртібін нығайту аясында қаржыны пайдалануды қатаң бақылауға алды. Мысалы, цифрлық құралдарды енгізу арқылы ...