Түркістанда «Kultobe» медиа студиясы ашылды

Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ жанынан құрылған «Kultobe» медиа студиясы ашылды.

Салтанатты шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы Болат Қалмұрзаев, Облыстық мәслихат депутаты Алмас Алтайұлы, Түркістан облысы ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Абдіқұлов медиа орталықтың тұсауын кесіп, игі бастамаға сәттілік тіледі.

«Kultobe» медиа студиясы өңірдегі рухани жаһандану, шығармашылық еркіндікті қолдау және жастар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған ауқымды жобаларды жүзеге асыруды мақсат етеді. Бұл тек медиа саласын ғана емес, жалпы өңірдің руханиятын байытуға да өз үлесін қосады.

Студия арқылы ұлттық ұстанымдарды дәріптеу және насихаттау, дін мен дәстүрге арналған подкастар, танымдық хабарлар, эксклюзивті сұхбаттар, ақпараттық материалдар әзірлеу, қоғамдағы өзекті мәселелерге дер кезінде жауап беру көзделген. Мұнда жұмыс істеуге қажетті жаңа жиһаздармен, компьютерлермен толықтай қамтылған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістанда бюджеттік тәртіп пен ашықтықты арттыру жолдары талқыланды

2025 жылғы 24 шілдеде Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің ғимаратында «Онлайн бюджеттік мониторинг жүйесінің тиімділігін арттыру» тақырыбында дөңгелек ...

Түркістан қаласына ҚР Президентінің кеңесшісі іссапармен келді

Облыс орталығына ҚР Президентінің кеңесшісі Зүлфия Сүлейменова арнайы жұмыс сапарымен келіп, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде болды. Облыс ...