Түркістанда азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі өтті

Түркістанда азық-түлік тауарларын тұрақтандыру қорының жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Бұл шараға «Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ бастамашы болды. Жәрмеңкеде халық күнделікті тұтынатын әлеуметтік маңызы бар 19-дан астам өнім түрі нарықтағы бағадан 40-50 пайызға төмен бағамен сатылды. Бұл шара өңір тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту, олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында өткізілді.

Жәрмеңкеде сатылған тауарлар арасында ет, сүт, көкөніс және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері болды. Мысалы, картоп пен сәбіз келісі 100 теңге, пияз – 77 теңге, күнбағыс майы – 520 теңге, жұмыртқа – 40 теңге, І сұрыпты бидай – 190 теңге, қарақұмық жармасы – 220 теңгеден ұсынылды. Сонымен қатар, тұрғындар сиыр етін 2000 теңгеден, тауық етін 970 теңгеден сатып ала алды.

«Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ тұрақтандыру қоры департаментінің директоры Лаура Жанасбаева жәрмеңкелердің жыл бойы тұрақты түрде өткізіліп жатқанын атап өтті. Облыс орталығындағы кезекті жәрмеңке 24 желтоқсан күні ұйымдастыру жоспарлануда. Бұл шара тұрғындардың қажетті азық-түлік өнімдерін қолжетімді бағада сатып алуына мүмкіндік береді және әлеуметтік қолдау шараларының аясын кеңейтеді.

Бұл жәрмеңкелер қала тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсартуға, азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады.

«Түркістан-ақпарат»

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...