Түркістанда 508 отбасыға пәтер табысталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда 508 отбасыға пәтер табысталды

Бүгін Түркістан қаласындағы көпқабатты «Жібек жолы» тұрғын үй кешеніндегі 508 пәтердің кілті табысталды.

Осыған дейін жыл басынан бері 482 пәтер пайдалануға берілген болатын. Қазіргі таңда, Түркістан қаласы бойынша тұрғын үй кезегінде – 16549 тұрғын кезекте тұр.

Одан бөлек, қаладағы тұрғын үйге мұқтаж адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 944 пәтерлі 11 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, келер жылы табысталады деп жоспарлануда.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...