Түркістан: Шардара ауданында 1200 орындық жайлы мектеп ашылады

Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен салынған кезекті жайлы мектеп Шардара ауданында пайдалануға беріледі. Бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалды ауданға іссапары аясында білім беру саласының басшылығы мен мектеп ұжымымен кездесіп, жаңа білім ұясына қойылар талап пен тәртіп туралы айтты.

– Президентіміздің тапсырмасымен ауыл мен қалада бірыңғай стандартпен заманауи жайлы мектептер салынып жатыр. Мемлекет тарапынан балаларымыздың сапалы білім алуына жағдай жасала береді. Басты қағида – тәртіп пен талап. Білім деңгейін көтеру, ұстаздардың біліктілігін арттыру. Біздің балаларымыз үшін бұл мектеп білім шыңын бағындырар мекен болсын,– деді Дархан Сатыбалды.

Түркістан облысында білім саласын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Биыл өңірде 50 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 29-ы «Жайлы мектеп» жобасы аясында соғылуда. Нәтижесінде, мектептегі орын тапшылығы мен 4 апатты, 3 үш ауысымды мектептер мәселесі шешіледі.

Білім ордасының құрылысын «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тапсырысымен «Integra Construction KZ» ЖШС жүргізді. Шардара қаласындағы 4,2 гектар аумақта орналасқан мектептің құрылысы 2023 жылдың маусым айында басталған. Білім ұясының инженерлік- инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы облыстық бюджет есебінен жүргізілді.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан қаласында 2 мың орындық екі жайлы мектеп, Сауран ауданында 600 орындық бір жайлы мектеп, пайдалануға берілген болатын.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Жұмысшы мамандықтар жылы: колледждермен дуальды форматта әріптестік орнатқан кәсіпорындар саны екі есеге артты

Щучинск қаласында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттеріне арналған Республикалық слет басталды. Мұнда еліміздің барлық өңірлерінен келген 100-ден астам ...

Түркістан қаласына ҚР Президентінің кеңесшісі іссапармен келді

Облыс орталығына ҚР Президентінің кеңесшісі Зүлфия Сүлейменова арнайы жұмыс сапарымен келіп, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде болды. Облыс ...