Түркістан: Сарыағашта тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласын дамыту, көркейту, абаттандыру жоспары бойынша берілген тапсырмалардың орындалу барысын бақылап, республикалық маңызы бар А-15 тас жолының бойын жаяу аралады.

Аралау барысында қала аумағынан өтетін республикалық маңызы бар А-15 тас жолының бойына жүрігізіліп жатқан тазалық, ретке келтіру, абаттандыру жұмыстарының мән-жайын пысықтады. Атқарылып жатқан жұмыстар бойынша аудан басшысы Сарыағаш қаласының әкімі А.Ешанқұлға тиісті тапсырмалар берді. Салаға жауапты орынбасары Мұрат Байгабуловқа тазалық жұмысы барысын жіті бақылауды жүктеді.

Сарыағаш қаласын дамыту, көркейту және абаттандыру жоспарына сәйкес бүгінде қала аумағынан өтетін республикалық маңызы бар А-15 тас жол жиегіне бей-берекет өскен шөптерді ору, қоршау қадаларын ретке келтіру, қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Сарыағаш қаласының сыртқы келбетін ретке келтіру бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. Жол бойына орнатылған заңсыз жарнамаларды алып тастау, билбордтарды сырлап, ретке келтіру жұмыстары да атқарылды. Жалпы тазалық жұмыстарына 5 арнайы техника, 50 жұмысшы жұмылдырылды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан: Жеңіс күні қарсаңында Райымбек Сейтметов театрында жаңа қойылым көрерменге жол тартты

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай бүгін Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театрында Жұмекен Нәжімеденовтың «Хат тасушы» қойылымы сахналанды. Қойылымда ...

Түркістан: Төлебиде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мерекелік шара өтті

Түркістан облысы, Төлеби ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, салтанатты жиын өтті. Мерекелік іс-шара «Жеңіс» саябағындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын ...