Түркістан облысында 11 айда 414 шақырымнан астам жол пайдалануға берілді

Түркістан облысы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 17 692 шақырымды құрайды.

Биыл облыстың автомобиль жолдары саласында құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 202 нысан немесе 1068,4 шақырым жолдар мен көшелер қамтылып, жыл қорытындысымен 136 нысан немесе 615,6 шақырым жол пайдалануға беріледі деп көзделген.

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша 78 нысан немесе 414,1 шақырым жол пайдалануға берілді. Облыстық маңызы бар жолдар бойынша 35 нысан немесе 379,5 шақырым жол құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Жыл қорытындысымен 17 нысан, яғни, 201,4 шақырым жол, 3 көпір, 4 құбыр пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 15 нысан толық пайдалануға берілсе, қалған 2 нысанда жұмыстар жалғасуда.

Сонымен қатар аудандық маңызы бар жолдар бойынша 16 нысан, дәлірек айтсақ, 97,3 шақырым жол күрделі және орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Елді мекен көшелері 591,6 шақырым жол жөндеу жұмыстарымен қамтылды.

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 98 елді мекенде 133 нысан немесе 493,3 шақырым жол жөнделуде. Жыл соңына дейін 325,2 шақырым болатын 104 нысан пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...

Туркестан: Пляжи в Шардаре приведены в порядок, туристам предоставляются качественные услуги

С начала купального сезона на пляжных территориях Туркестанской области усилили меры безопасности и чистоты. На пляжах в Шардаре устранили раннее ...