Түркістан: «Жасыл белдеу» аумағын сумен қамтитын су қоймасының құрылысы жүріп жатыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су нысандарын реттеу, тиімді пайдалану тапсырмасын бергені белгілі. Сол тапсырмалар аясында Түркістан өңірінде қарқынды жұмыс жүріп жатыр.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сауран ауданындағы су қоймасын қалпына келтіру бағытындағы құрылыс жұмыстарын бақылады. Бүгінде тоғанның жері тегістеліп, жан-жағын биіктету, бөгеу жұмыстары атқарылуда. Өңір басшысы жауапты басшыларға жұмысты жүйелі атқаруды тапсырды.

Жаңа әуежайдан 20 шақырым қашықтықта орналасқан су қоймасының сыйымдылығы – 1,3 млн м³. Қайта реконструкциялау арқылы су сыйымдылығын ұлғайту көзделіп отыр.

Ескі тоғанды реконструкциялау жұмыстарына «Тұран су» мекемесі тартылған. Су қоймасы толық қуаттылықта іске қосылған соң жиналған су 22 шақырым қашықтықтағы, яғни, жаңа әуежай жолының екі жағындағы ағаш көшеттерін вегетациялық кезеңде суғаруға толық мүмкіндік береді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласында “Бірлік” мөлтек ауданының арыз-шағымдары тыңдалды!

Қала тұрғындарымен кездесу барысында Әзімбек Пазылбекұлы бүгін Яссы және Бірлік секторының тұрғындарымен кездесті. Бірлік тұрғындарымен кездесу барысында 2024-2025 жылдары тұрғындар ...