Түркістан әкімі құрылыс нысандарын аралады

Бүгін Әзімбек Пазылбекұлы қаладағы бірқатар құрылыс нысандары мен қала аумағын аралады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ең алдымен Жібек жолы тұрғын үй кешені мен 5 қабатты 20 үйдің құрылыс сапасын қадағалап, Түркістандағы ерекше жобалардың бірі — Белсенді демалыс саябағында болды.

Жоба табиғатты, спортты және білім беруді үйлестіретін заманауи көпсалалы кешен болып табылады.

Оранжерея аумағында әлемнің әртүрлі аймақтарынан әкелінген 68-ден астам өсімдік түрі өсіріледі. Олардың ішінде Жерорта теңізінің, Латын Америкасының, Еуропаның, Оңтүстік-Шығыс Азияның және басқа да аймақтардың өсімдіктері бар. Арнайы пальмалық, мексикалық, тропикалық, шөлді субтропикалық және цитрустық аймақтар ұйымдастырылған.

Парк аумағында скейтборд алаңдары, шахмат клубы, балалар ойын алаңдары, сонымен қатар 2 км жүгіру, веложолақтар қарастырылған.

Ресми ашылуы желтоқсан айына жоспарлануда.

x

Check Also

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...

Туркестан: Пляжи в Шардаре приведены в порядок, туристам предоставляются качественные услуги

С начала купального сезона на пляжных территориях Туркестанской области усилили меры безопасности и чистоты. На пляжах в Шардаре устранили раннее ...