Түркістан әкімі дүниежүзі қазақтар қауымдастығының өкілімен кездесті

Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Түркияға сапары аясында алғашқы Қазақ Бас консулы, дүниежүзі Қазақтар қауымдастығының өкілі Ержан Уәйіспен кездесті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ержан Уәйіс — Түркістанның төл тумасы, телерадио саласында жарқын із қалдырған, ұлттық тарих пен мәдениетті насихаттаған шежіре журналист, Қонаев атамыз баспасөз-хатшысы болған, қазіргі таңда Қазақстан мәдениет және сауда орталығында басшылық жасайды.

Биыл орталық бір жыл ішінде 100 фотосурет көрмесі ұйымдастырылып, Алаш арыстары Ахмет Байтұрсынның, Мұстафа Шоқайдың, Темірбек Жүргеновтің, 100-ге толған жазушы Бердібек Соқпақбаевтың кітаптарының түрік тіліне аударып, шығармаларын жарыққа шығарған.

Кездесу барысында Әзімбек Пазылбекұлы Түркістан қаласының даму бағытында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарды баяндап, ұсыныстарын талқылады.

x

Check Also

Түркістанда Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан» іс-шарасы өтті

Бүгін Түркістан қаласындағы «Амфитеатр» кешенінде Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра – дастан» атты мерекелік іс-шара өтті. Түркістан облыстық мәдениет басқармасы ...

Шымкентте балалар қауіпсіздігіне бағытталған шаралар күшейтілді

Шымкент қаласында көпқабатты үйлердің терезелерінен балалардың абайсыз құлауын болдырмау мақсатында кешенді алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылы бүгінгі күнге дейін ...