Төлеби ауданында «Суық күнде жылу сыйла» челленджі басталды

Төлеби ауданында коммуналдық қызмет мекемесі күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Көше тазалығына жауапты қызметкерлер жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды қардан тазартуда.

Аудандық мәслихат депутаттары Нұргелді Құлышев пен Жанғали Мәуленов «Суық күнде жылу сыйла» челленджін жалғастырып, аяқ жолдарды, автокөлік жолдарын тазалап жүрген мамандарға ыстық шәй мен тәттілер үлестірді. Күннің аязы мен боранына қарамастан көше тазалап, қызметін адал атқарып жүрген жандарға алғыстарын жеткізді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...