«Таза Қазақстан»: Ордабасыда жалпыхалықтық сенбілік өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы басталған болатын. Осы ретте Ордабасы ауданында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында сенбілік өтті. Шараға аудан әкімі Азат Оралбаев арнайы қатысып, тазалық жұмыстарын бақылады.

Атқарылған тазалық шараларына аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері мен ерікті жастардан барлығы 500-ге жуық адам қатысты. Акция аясында көше бойлары мен арық-атыздар күл-қоқыстан тазартылды. Одан бөлек, саябақтар ретке келтіріліп, қатты тұрмыстық қалдықтар жиналды.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында облыс көлемінде ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Бағдарлама басталғалы бері сенбіліктер мен тазалық жұмыстарына 300 мыңнан астам тұрғын қатысып, 1 500-ден астам техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 1 милионға жуық тал отырғызылып, 3 389 тонна қоқыс шығарылған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...