Шымкенттік оқушылар халықаралық байқаудан олжалы оралды

Үндістанның Дели қаласында «Visual competition» халықаралық байқауы өтті. Сайысқа әлемнің 30 елінен Ucmas академиясының 6 мың шәкірті қатысып, бақ сынады. Шымкенттік Гүлсара Ділмұратова мен Асадбек Ділмұратов үздік үштіктен көрініп, олжалы оралды.

Халықаралық байқауға Қазақстаннан 34 оқушы қатысты. Олар әр санат бойынша жылдамдыққа есеп шығарып, өз дарындарын дәлелдеді. Қоржында алтын кубок бар. Ал, командалық есепте «Business kids» академиясы орталығының жас өрендері қолаға қол жеткізді.

Шымкент қалалық білім басқармасы басшысының м.у.а. Тоғжан Жалғасқызы Манкешова елге жеңіспен оралған оқушылармен кездесті. Кездесу барысында жеңімпаздарды жетістіктерімен құттықтап, бағалы сыйлықтар табыс етті. Кездесу кезінде Гүлсара Ділмұратова мен Асадбек Ділмұратов өздерінің жетістіктері туралы айтып, болашаққа жоспарларымен бөлісті.

Шымкент қалалық білім басқармасы басшысының м.у.а. Тоғжан Жалғасқызына сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Жас өрендер сапалы білім алу мүмкіндігін беріп, қолдау танытқан еліміздің үкіметіне алғыстарын білдірді.

Айта кетейік, UCMAS ментальді арифметика бағдарламасын малайзиялық профессор Дино Вонг 1993 жылы ойлап тапқан. Бүгінгі таңда бұл бағдарлама әлемнің 87 елінде сұранысқа ие болып, UCMAS орталықтары ашылған. Қазақстанда UCMAS академиясы 2011 жылы құрылды. Ал Шымкентте 2013 жылдан бері жұмыс істейді.

x

Check Also

Шымкент қаласында ТЖД қызметкерлеріне жаңа техника мен тұрғын үй кілттері табысталды

Шымкент қаласында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне заманауи өрт сөндіру техникалары, қызметтік киімдер мен жаңа пәтерлердің кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі ...

Шымкент әкімі қаладағы құрылыс және логистика нысандарын аралады

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жұмыс сапары барысында бірнеше инфрақұрылым нысандарын аралады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сапар ...