Шымкентте веложол мен жаяу жүргіншілерге арналған аймақ ашылды

Балалар теміржолының орнына заманауи веложол мен аяқжол салу жұмыстары жүргізіліп, қараусыз қалған аумақ жаңа серуен аймағы ретінде пайдалануға берілді.

Бұл аймақ Қажымұқан атындағы стадионнан бастап, Дендросаябақтағы бұрынғы теміржол станциясына дейінгі аумақты қамтиды. Жалпы ұзындығы – 5,5 шақырым, орташа ені – 5 метр.

Көлік өтетін жолдарда жаяу жүргіншілер үшін арнайы жол таңбалары сызылып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Жобаның аясында веложол, жүгіру жолдары және бірнеше воркаут алаңдары салынды. Сондай-ақ, аумақ толық көгалдандырылып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалды.

Айта кетейік, Дендросаябақ пен Қажымұқан стансасы аралығындағы 8 шақырымды қамтитын балалар теміржолы 1979 жылы сол кездегі облыс басшысы Асанбай Асқаровтың басқаруымен салынған болатын. Бұған дейін теміржол қайта жаңғырту жұмыстарынан өткен.

Алайда, қала басшысының айтуынша, жаңарту жұмыстарына қарағанда кәсіпкерлердің демеушілігімен бұл аумақты қайта құру әлдеқайда тиімді әрі заман талабына сай жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда бұл жаңа аймақ қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналған.

x

Check Also

Жаңаталаптағы көпір күрделі жөндеуден өтті

Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Жаңаталап тұрғын алабында орналасқан Бадам өзені үстінен өтетін көпірдің құрылысы 1974 жылы салынып, пайдалануға берілген болатын. ...

Қала аумағында тұрғын үйлерді пайдалануға беру

Жалпы 2024 жылға қала аумағында 1 359 800 шаршы метр тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдау жоспары Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және ...