Шымкентте үш тұрғын алабы мен кәсіпорындар газға қосылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте үш тұрғын алабы мен кәсіпорындар газға қосылды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков және «QazaqGaz «ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов тұрғындармен бірге Қайнарбұлақ (екінші кезең), Тассай және Еламан тұрғын алаптарын, сондай-ақ Тассай индустриялық аймағын газдандырудың екінші кезеңі шеңберінде бірқатар кәсіпорынды газға қосуға қатысты.

Айта кетейік, Қайнарбұлақ тұрғын алабын газдандырудың бірінші кезеңі осы жылдың қазан айының соңында аяқталды.

Қала әкімі тұрғындардың қуанышына ортақтасып, газды пайдалану кезінде сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігін еске салды. Аталған шағын аудандарды табиғи газға қосу шаралары өткен жылдан бері жүргізіліп келеді. Жұмыстардың уақтылы аяқталуының нәтижесінде Шымкентте 25 мыңнан астам абонент 2024 жылы көгілдір отынға қол жеткізе алады.

Тұрғын үйлерді газға қосу экологияға тиімді, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға да мүмкіндік береді. Нысандар қосылғаннан кейін Шымкенттегі газдандыру деңгейі 97,4% -. құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, қосылуды жеделдету үшін тұрғындар «QazaqGaz Aimaq»АҚ-на өтінім жолдап, құжаттар ұсыну қажет.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...