Шымкентте спорт мектебінің қосымша корпусы пайдалануға берілді

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Сайрам тұрғын алабындағы №12 спорт мектебі қосымша корпусының ашылу салтанатына қатысты. Ел Тәуелсіздігі күні қарсаңында қолданысқа берілген екі ауысымда жұмыс істейтін нысанда бір мезетте 200-ге жуық спортшы оқу-жаттығумен айналыса алады. Мұнда ауқымды спорттық жарыстар өткізуге болады.

Заманауи талапқа сай бой көтерген ғимараттың жертөлесінде пауэрлифтинг және ауыр атлетика залдары және киім ауыстыру бөлмесі, душ қарастырылған. Сондай-ақ жаттықтырушылар, инструкторлар, төрешілер бөлмелері бар. Бірінші қабатта вестибюль-фойе, күзетші бөлмесі, асхана, 210 орындық көрермендерге арналған трибунасы бар әмбебап спортзал, медициналық пункт жайғастырылған. Ал екінші қабатта демалыс холы, бокс, күрес, бадминтон оқу-жаттығу залдары орналасқан.

Бүгінде спорт мектебінің үздіктері үстел теннисі, бокс пен таеквондодан Ұлттық құрама сапында, Әлем, Азия чемпионаттарында жеңімпаз атануда.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...