Шымкентте мырыш оксидін өндіретін зауыттың екінші кезеңі ашылды

Шымкентте «Standard Steel KZ» ЖШС-нің түсті металл концентратын шығаратын қорғасын өндірісінің қалдықтарын өңдейтін зауытының екінші кезеңі іске қосылды. Ашылу салтанатына ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.

Мегаполис басшысы өз сөзінде өндірісті іске қосу қала экономикасының дамуына ықпал етіп қана қоймай, өнеркәсіптік кәсіпорындар қызметінің экологиялық зардаптарын азайтатынын атап өтті.

«Елімізде өнеркәсіп саласы қарқынды дамып келеді, кәсіпорындар саны жыл сайын артып отыр. Мемлекет тарапынан жан-жақты қолдаудың нәтижесінде жұмыс орындары ашылып, азаматтардың әл-ауқаты жақсаруда», — деді Ғ.Сыздықбеков.

Жалпы құны 13 миллиард теңгеден асатын инвестициялық жоба 300-ге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етті. Бірінші кезең жүзеге асырылғаннан бүгінгі күнге дейін зауыт жылына 4600 тоннадан астам мыс-күміс концентратын өндірді. Қондырғының іске қосылуы кәсіпорынға өндіріс көлемін ұлғайтуға және қосымша жыл сайын 20 мың тоннадан астам мырыш оксидін шығаруға мүмкіндік береді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Көше-жол желісін паспорттау және диагностикалау

Шымкент қаласы бойынша жолдардың жалпы ұзындығы 3 903 шақырымды құрайды. Асфальтобетонды жабындысы – 2780, 1 шақырым. Шағал тас – 998,1 ...

Шымкентте 2024 жылы 1301 көшеге жарықтандыру жұмыстары жүргізілді

  Шымкент қаласында жол инфрақұрылымын жақсарту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында 2024 жылы ауқымды жарықтандыру жұмыстары атқарылды. Жыл бойы ...