Сауран: Шойтөбе елді мекенінде 4G ұялы байланысы қолжетімді болды

Шойтөбе елді мекенінің тұрғындары үшін ұялы байланыс қызметінің сапасы жақсарды. Бұған дейін тек 2G мобильді байланыс желісімен қамтылған ауылға енді «Кселл» АҚ операторы 4G стандартындағы ұялы байланыс орнатты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шойтөбе елді мекенінің ұялы байланыс қызметін жақсарту мақсатында «Activ» байланыс операторы тарапынан жұмыстар жүргізілген болатын. Сонымен қатар, ауылда ұялы байланыс операторларының инфрақұрылымын дамыту үшін техникалық тексерулер мен сигнал деңгейін анықтау шаралары да атқарылды. 2024 жылдың 29 мамырында «Кселл» операторының қызмет көрсету аймағын кеңейту және ауылды сапалы интернетпен қамтамасыз ету жөнінде қосымша өтініш жолданған.

Осы жұмыстардың нәтижесінде, «Кселл» АҚ Шойтөбе ауылдық округінде базалық станциясының 4G желісін орнату жұмыстарын толық аяқтады. Қазіргі таңда, Шойтөбе елді мекені жоғары жылдамдықты интернетпен және жоғары сапалы 4G ұялы байланысымен қамтылды. Бұл жергілікті тұрғындардың байланыс қызметтерін пайдалануға үлкен мүмкіндіктер береді.

Енді Шойтөбе тұрғындары ұялы байланыс арқылы интернетті жылдам әрі сапалы пайдалануға, сонымен қатар, мобильді қызметтерді кеңінен қолдануға қол жеткізеді.

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...