Сауран: Ескі Иқандық тұрғындар аудан әкіміне өздерінің ұсыныс-пікірлерін білдірді — Xnews — ақпарат агенттігі

Сауран: Ескі Иқандық тұрғындар аудан әкіміне өздерінің ұсыныс-пікірлерін білдірді

2024 жылдың ІІ жартыжылдық қорытындысы бойынша Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Ескі Иқан ауылдық округі тұрғындарымен есептік кездесуін өткізді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде Ескі Иқан ауылдық округі әкімі Дильшад Саитов өткен жартыжылдықтағы жұмыстар мен алдағы жоспарларын баяндап, ауылдағы әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы мәлімет берді.

Дильшад Саитов өз баяндамасында округ бойынша соңғы жартыжылдықта жүзеге асырылған жобалар мен шаруашылық жұмыстарын атап өтті. Оның айтуынша, ауылдың инфрақұрылымын жақсарту, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын көтеру бағытында көптеген жұмыстар атқарылды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығын дамыту және білім беру саласын қолдау бағытында да бірқатар маңызды бастамалар жүзеге асырылды.

Кездесу барысында тұрғындар өздерінің көкейкесті сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Тұрғындар көбіне ауылдың жер, ауыз су мәселелері және қоғамдық көлік қатынасы туралы сұрақтар қойды. Сонымен қатар, білім беру мен денсаулық сақтау салаларына қатысты да бірқатар мәселелер қозғалды.

Мақсат Таңғатаров аудан әкімі ретінде барлық сұрақтарға толық жауап беріп, ұсыныстарын назарға алды. Тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар беріп, аталған мәселелерді шешуге бағытталған нақты шаралар қабылдау керектігін айтты. Жиын билік пен тұрғындар арасындағы ашық диалогты қамтамасыз етіп, ауылдағы өзекті мәселелерге жедел жауап беріп, тиісті бөлімдерге орындауларын міндеттеді.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...