Сауран ауданы әкімінің төрағалығымен әкімдік мәжілісі өтті

Сауран ауданы әкімдігінің кеңейтілген мәжілісі өтіп, оған аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, әкім орынбасарлары, дербес бөлім басшылары қатысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында маңызды үш мәселе қаралды:

1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қамту бағыты бойынша Аудандық емхана бас дәрігерінің орынбасары Лайла Қодаманова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қамту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Ол өз баяндамасында сақтандыру жүйесіне қатысушылардың санының артуы, медициналық қызметтің қолжетімділігі және көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша жетістіктер мен алдағы жоспарлар туралы ақпарат берді. Әлеуметтік медициналық сақтандырудың тиімділігі аудан тұрғындары үшін маңызды мәселе екенін атап өтті.
2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының өсуінің алдын алу бойынша Кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Сұлтанғали Шакиров ауданымызда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының өсуінің алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Ол бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету, тауар өндірушілермен келіссөздер жүргізу және азық-түлік қауіпсіздігін сақтауға бағытталған шаралар туралы сөз қозғады.
3. ҚР заңнамасын бұза отырып, пайдаланылып жатқан жерлерді анықтау мәселе бойынша Жер қатынастары бөлімінің басшысы Асылбек Патсаев жер қатынастары саласындағы заң бұзушылықтар мен жер учаскелеріне жүргізіліп жатқан түгендеу жұмыстарын баяндады. Ол аудандағы жер пайдалану мәселелерін шешу және заңсыз пайдаланылып жатқан жерлерді анықтау бойынша атқарылған жұмыстарды түсіндірді. Сонымен қатар, жер ресурстарын дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету, заңсыз жер пайдаланушыларға қатысты шаралар қабылдау қажеттілігі туралы айтты.

Жиын соңында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров аталған мәселелер бойынша тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар беріп, аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында жұмысты жалғастыруды тапсырды.

x

Check Also

Түркістан қаласы әкімінің халықпен кездесуі басталды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қала аумағындағы 6 сектор бойынша кезекті халықпен кездесуі Яссы секторынан басталды. Кездесу барысында қала ...

Түркістанда биыл 3000-нан аса пәтер пайдалануға беріледі

Түркістан қаласында биыл 944 пәтерлі 11 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Жыл басынан бері жоспарға сәйкес, 4 үйдің құрылысы аяқталып, ...