Сарыағаш ауданында шалғайдағы ауылдарға газ берілді

Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округіндегі Ердәуіт және 51 разъезд елді мекендеріндегі 150 отбасы көгілдір отынмен қамтылды.

Шарға аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы барып, тұрғындардың қуанышымен бөлісті. Ауылдарды табиғи газға қосу үшін республикалық бюджеттен қаржы қаралып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілген. Жалпы аудандағы 63 елді мекеннің 51-і көгілдір отынмен қамтылған. Бүгінде аудандағы Жылға, Шеңгелді елді мекендерін газбен қамту жұмыстары жүргізілуде.

«Қазіргі таңда ауданға қарасты елді мекендерді ауыз сумен, табиғи газбен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда. Осы орайда ауданда инфрақұрылым саласы бойынша бірнеше нысандардың құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, қазір шалғай ауылдарға электр желілерін тарту, газ, ауыз сумен қамту жұмыстары жүріп жатыр»,-деді аудан әкімі.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Көгалдандыру бойынша Түркістан мен ҚХР қалалары арасында келісімшарт жасалды

Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлының тапсырмасына сәйкес, қаланың көгалдандыру жұмыстарын ғылыми негізде жетілдіру және тиімді тәжірибе енгізу мақсатында Түркістанның климатына ...

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...