Президент Жарлығымен 2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды — Xnews — ақпарат агенттігі

Президент Жарлығымен 2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды, деп хабарлайды Ақорда.

Үкіметке «Жұмысшы мамандықтар» жылын атап өту бойынша қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.

Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Президент Әкімшілігіне жүктелді.

«Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді», — делінген Ақорда хабарламасында.

Еске салсақ, президент биылғы Жолдауында 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялайтынан айтқан.

«Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз», — деді Тоқаев.

Мемлекет басышысы адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек деп мәлімдеді.

x

Check Also

Әлеуметтік қолдау, экология және кәсіпкерлік: сайлауалды үгіт-насихаттың басты тақырыптары

Сайлауалды науқан аясында саяси партиялар еліміздің әр өңірінде түрлі іс-шара өткізіп жатыр. Кездесулерге еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер, сарапшылар ...

Пробежки, дебаты и разговор без галстуков: как проходит предвыборная гонка в Казахстане

Пока одни выходят на пробежку, другие устраивают общественные слушания, отправляются в села, обсуждают проблемы бизнеса или встречаются с семьями, воспитывающими ...