Ордабасы ауданы: Ауыл-аймақтарда медициналық нысандар ашылды

Ордабасы ауданындағы Бөген елді мекенінде дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, Төрткүл ауылдық округіне қарасты Көкарал елді мекенінде фельдшерлік-акушерлік пунк ашылды. Медициналық нысандардың ашылу салтанатына облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев пен аудан әкімі Азат Оралбаев арнайы қатысып, тұрғындарды құттықтады.

Медициналық нысандар құрылысы «Ауылдық денсаулықты жаңғырту» бағдарлама аясында жүргізілген. Одан бөлек, ғимараттар заманауи медициналық құралдармен жабдықталған әрі арнайы дәрігерлік амбулаториялық кабинеттері бар. Жалпы бүгінде аудан халқына 51 медициналық ұйым қызмет көрсетіп келеді.

Биыл, тағы да «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 3 медициналық нысан пайдалануға берілді. Нәтижесінде аудан бойынша денсаулық сақтау нысандары 100 пайызға жаңартылды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан қаласына ҚР Президентінің кеңесшісі іссапармен келді

Облыс орталығына ҚР Президентінің кеңесшісі Зүлфия Сүлейменова арнайы жұмыс сапарымен келіп, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде болды. Облыс ...

Көгалдандыру бойынша Түркістан мен ҚХР қалалары арасында келісімшарт жасалды

Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлының тапсырмасына сәйкес, қаланың көгалдандыру жұмыстарын ғылыми негізде жетілдіру және тиімді тәжірибе енгізу мақсатында Түркістанның климатына ...