М.Таңғатаров: Индикаторлық жоспарлардың орындалуын толық қамту қажет

Сауран ауданы әкімі аппаратының апталық мәжілісі болып өтті. Жиынға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров төрағалық етті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күн тәртібінде бір ғана мәселе қаралды, ол – 2024 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша индикаторлар мен аудан бюджетінің орындалуы туралы болды.

2024 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша индикаторлар мен бюджет орындалуы туралы Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильяс Сұлтанғалиұлы аталған мәселе бойынша баяндама жасады. Ол 2024 жылдың қорытындысы бойынша ауданның негізгі экономикалық көрсеткіштері мен индикаторларының орындалу барысын егжей-тегжейлі баяндап, бюджеттің атқарылуы туралы толық ақпарат берді. Бюджетке түскен түсімдер, шығыстардың орындалуы, сондай-ақ қаржылық жоспарларға сәйкес жүргізілген жұмыстар мен түзетулер туралы мәліметтермен бөлісті.

Ильяс Мырзахметов бюджет қаржысын тиімді пайдалануға, ауданның экономикалық даму қарқынын арттыруға бағытталған шаралар туралы да сөз қозғап, алдағы кезеңдерде қаржылық саясатты жетілдіру қажеттігін атап өтті.

Мәжіліс соңында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров жасалған баяндаманы тыңдап, ауданның бюджеттік көрсеткіштерін жақсарту бағытында атқарылуы тиіс нақты іс-шараларды талқылады. Сондай-ақ, бюджеттік тәртіпті сақтау мен қаржының тиімді жұмсалуы мәселелері бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Жиын барысында аудан әкімінің аппараты мен тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктеліп, алдағы уақыттағы қаржылық және экономикалық көрсеткіштерді одан әрі жақсарту жөнінде ұсыныстар айтылды.

x

Check Also

Түркістан қаласы әкімінің халықпен кездесуі басталды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қала аумағындағы 6 сектор бойынша кезекті халықпен кездесуі Яссы секторынан басталды. Кездесу барысында қала ...

Түркістанда биыл 3000-нан аса пәтер пайдалануға беріледі

Түркістан қаласында биыл 944 пәтерлі 11 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Жыл басынан бері жоспарға сәйкес, 4 үйдің құрылысы аяқталып, ...