Кентау қаласын газбен қамту үлесі биыл 93 пайызға жетеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын іске асыру бойынша елімізде инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелер ретімен шешімін тауып жатыр.

Осы ретте Кентау қаласында жыл соңына дейін тұрғындарды газбен қамту үлесін 93%-ға жеткізу жоспарланған. Бүгінгі таңға дейін 18 000 абоненттің 14 981-і, яғни 83%-ы табиғи газ жүйесіне қосылған. Сондай-ақ, қазіргі таңда Хантағы ауылына және №5 Жылу энергия орталығына дейін табиғи газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде. Жобаға сәйкес 12,3 шақырымды құрайтын магистральды газ құбырын тарту қарастырылған. Бұдан бөлек, 3 шақырымдық монтаждау жұмыстары жүргізіліп, құрылыс жұмыстары жалғасуда.

Сонымен қатар, Байылдыр ауылы бойынша ішкі орам газ жүйелері жүргізіліп, 1,1 шақырымды монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Аталмыш нысандар 2025 жылға өтпелі.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан: Сарыағашта мемлекетке қайтарылған активтер есебінен 5 елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтылды

Тәуелсіздік күні қарсаңында Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылдық округіндегі Жібек жолы, Қарабау, Зортөбе және Сарқырама, Жаңақұрылыс елді мекендері ауыз су ...

Түркістан: Сайрамда ауыл шаруашылығы қызметкерлері марапатталды

Сайрам ауданында ауыл шаруашылығы саласының мамандарына арналған «Алтын күз – 2025» мерекелік іс-шарасы өтті. Аудан әкімі Мадияр Оразалиев осы салада ...