Жыл қорытындысы: Шымкентте жолдың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 75% жетті

Былтырғы жылмен салыстырғанда жолдарды жақсарту бағытында жұмыстар қарқынды жүргізілді.

2023 жылы 254 нысан немесе 232,7 шақырым жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілсе, биыл жалпы қала аумағындағы көшелер желісінде құрылыс-жөндеу жұмыстары 501 көшеде /365,8 шақырым/ атқарылды. Жыл қорытындысымен 424 көше, 1 көпір немесе 269,5 шақырым пайдалануға берілді. Биыл 20 нысанда немесе 59, 5 шақырым құрылыс-қайта құру жұмыстарына қаржы қаралып, 6 нысан 23,1 шақырым жол пайдалануға берілді.

Күрделі және орташа жөндеу жұмыстарымен 310 көше немесе 227 шақырым қамтылып, 247 көше, 1 көпір немесе 167,1 шақырым пайдалануға берілді. Ағымдағы жөндеу жұмыстары 181 көше немесе 79,3 шақырымға жүргізілді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Жаңаталаптағы көпір күрделі жөндеуден өтті

Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Жаңаталап тұрғын алабында орналасқан Бадам өзені үстінен өтетін көпірдің құрылысы 1974 жылы салынып, пайдалануға берілген болатын. ...

Шымкентте веложол мен жаяу жүргіншілерге арналған аймақ ашылды

Балалар теміржолының орнына заманауи веложол мен аяқжол салу жұмыстары жүргізіліп, қараусыз қалған аумақ жаңа серуен аймағы ретінде пайдалануға берілді. Бұл ...