Жыл қорытындысы: Еңбекші ауданында 43 ойын алаңшасы орнатылды

Биыл ауданда көшелерді жарықтандыру жұмыстары қарқынды жүргізілді. 2023 жылы аудан аумағында 28 көше жарықтандырылса, биыл 192 көшеге жарық жүйелері жүргізілді.

Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 244-ке жеткізу жоспарлануда. Сондай-ақ ауданда тұрғындар өтінішіне сәйкес 15 орынға ирригациялық арық салынды. Жергілікті азаматтардың өтініші негізінде 43 балалар ойын алаңшасы орнатылып, 9 аулаға ашық спорт алаңдарының құрылысы жүргізілді.

Онымен қоса 5 елдімекенді табиғи газбен қамту жұмыстары басталды. «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 5 демалыс орны салынып, тұрғындар игілігіне берілді. Сонымен қатар 3 көпқабатты үйдің қасбеттері безендіріліп, жарықтандырылды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...